Қауіпсіздік пен әділдік жолында үнсіз қалмаңыз
Пятница, 14 ноября 2025

Сіздің өміріңіз бен қауіпсіздігіңіз әрқашан қорғалуы тиіс. Егер сізге көмек қажет болса, үнсіз қалмаңыз. Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы сізді 102 қызметіне, 111 сенім телефонына немесе жақын маңдағы дағдарыс орталығына жүгінуге шақырады.
Біз зорлық-зомбылыққа қарсы тұруда бірге әрекет етеміз. Әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен құқықтары біздің басты назарымызда. Сондықтан кез келген қиын жағдайда көмек сұраудан тартынбаңыз.
#ӘДІЛДІКЖОЛЫ
Обновлено: 14.11.2025 12:13



