Қазақстан Республикасы Кубогында Академия курсанты жеңіске жетті
Вторник, 16 декабря 2025

2025 жылдың 10-13 желтоқсан аралығында Петропавл қаласында маңызды спорттық шара өтті. Бұл шара халықаралық дәрежедегі спорт шебері А.Нұрпейісовті еске алуға және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 34 жылдығына орайластырылған Қазақстан Республикасының Кубогы аясында ұйымдастырылды. Осы беделді жарыста Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының намысын 309-оқу тобының курсанты Баяхметов Қазбек қорғады. Ол 57 келі салмақ дәрежесінде, “фулл-контакт” бөлімі бойынша өнер көрсетіп, қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп шықты. Нәтижесінде, жүлделі I орынды иеленіп, алтын медаль мен Кубок иегері атанды.
Курсантымызды жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс – қажырлы еңбек пен тынымсыз дайындықтың жемісі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!
Обновлено: 16.12.2025 20:50



