Қоян-қолтық ұрыстан ҰҚК Төрағасының Кубогына арналған турнирде Академия спортшыларының жетістіктері
Четверг, 25 декабря 2025

2025 жылғы 22–25 желтоқсан аралығында Астана қаласында, Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, күштік құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері, сондай-ақ облыстық федерация спортшылары арасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының Кубогына арналған ашық республикалық турнир өтті.
Аталған жарысқа 29 командадан 270-тен астам спортшы қатысып, қыздар мен ерлер арасында тартысты әрі жоғары деңгейдегі сайыстар ұйымдастырылды.
Осы турнирде Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының құрама командасы сапында өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшылар:
- Қыздар арасында 58 кг салмақ дәрежесінде III орын – Академияның 1-курс тыңдаушысы, полиция қатардағы Нұрғали Айдина;
- Ерлер арасында 97 кг салмақ дәрежесінде II орын – Астана қаласы Полиция департаменті Сарыарқа аудандық басқармасының тергеушісі, полиция лейтенанты Қалиқанов Нұрасыл Әуесханұлы (Академияның 2025 жылғы түлегі);
- Ерлер арасында 80 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанып, Чемпион белбеуіне ие болған – Маңғыстау облысы ПД Ақтау қаласы тергеушісі, полиция лейтенанты Закарин Нұрбек Нүркенұлы (Академияның 2025 жылғы түлегі).
Сонымен қатар, жарыс барысында әділ төрешілік жасағаны үшін Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының Қосымша білім беру факультетінің бастығы, ҚР қоян-қолтық ұрысынан еңбек сіңірген жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, полиция полковнигі Мұрат Әшкенұлы Исмагамбетов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының алғыс хаты мен медалімен марапатталды.
Аталған спортшыларды Академияның спорт кешенінде жоғары деңгейде дайындаған жаттықтырушылар:
- Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының Қосымша білім беру факультетінің бастығы, ҚР қоян-қолтық ұрысынан еңбек сіңірген жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, полиция полковнигі Мұрат Әшкенұлы Исмагамбетов;
- Дене шынықтыру кафедрасының доценті, ҚР қоян-қолтық ұрысынан еңбек сіңірген жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, полиция полковнигі Болат Тлеуғабылұлы Күлтаев.
Обновлено: 25.12.2025 19:16



