Қоян-қолтық ұрысынан республикалық турнирде академия курсанттары жүлделі орындарға ие болды
Пятница, 19 декабря 2025

2025 жылдың 11–15 желтоқсан аралығында Алматы қаласында қоян-қолтық ұрысынан республикалық ашық турнир өтті. Бұл жарысқа еліміздің әр өңірінен келген спортшылар қатысып, жоғары деңгейдегі тартысты белдесулермен ерекшеленді.
Жарыс нәтижелері бойынша, Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанттары келесі жетістіктерге қол жеткізді:
- 409 оқу тобының курсанты Сансызбай Батырхан 80 кг салмақ дәрежесінде II орын иеленіп, «Үздік техника» арнайы мүсінімен марапатталды;
- 403 оқу тобының курсанты Асқарбай Бегзат 73 кг салмақта III орынға ие болды;
- 403 оқу тобының курсанты Кажденов Надиршах 67 кг салмақта III орын алды;
- 302 оқу тобының курсанты Күзембаев Сабыржан 73 кг салмақта III орын иеленді;
- 305 оқу тобының курсанты Ермек Ислам 62 кг салмақта III орынға ие болды;
- 301 оқу тобының курсанты Қамбаров Аян 57 кг салмақта III орын алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған Дене шынықтыру даярлығы кафедрасының жаттықтырушылары — полиция майоры Е.Н. Бұхарбаев пен полиция аға лейтенанты Н.Е. Нұрышовты, сондай-ақ курсанттарымызды жарқын жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жеңіс — қажырлы еңбек пен жүйелі дайындықтың, табандылық пен ерік-жігердің нәтижесі. Алдағы уақытта да спорттық биіктерді бағындырып, ел мерейін асқақтата берулеріңізге тілектеспіз!
Обновлено: 19.12.2025 14:08



