к. Караганды, Ермеков, 124

Казахский

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

ҚР ҒЖБМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушы» конкурсын хабарлайды

Четверг, 6 ноября 2025

Құрметті академияның профессорлық-оқытушылық құрамы!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушы» (әрі қарай – Конкурс)конкурсын хабарлайды.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы туралы қағида» (бұдан әрі — Қағида) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген.

Конкурсқа қатысу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер өз құжаттарын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ақпараттық жүйесі арқылы тапсырады.

Конкурстың I кезеңі 2025 жылдың 3 қарашасынан басталып, 2025 жылдың 14 қарашаға дейін жалғасады.

Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін ЖОО-ның штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы (universitycontest2025.iac.kz.) келесі құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына («Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы туралы қағида») сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;
2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына («Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы туралы қағида») сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (нақты мерзімі көрсетілген тармақтарды қоспағанда, соңғы 5 жылдағы мәліметтер);
3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына («Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы туралы қағида») сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;
4) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Байқаудың II кезеңі 2025 жылдың 1 желтоқсанынан басталып, 2025 жылдың 12 желтоқсанына дейін жалғасады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесін қолдану бойынша нұсқаулық universitycontest2025.iac.kz сайтында жарияланатын болады.

Өтінім беру мәселелері бойынша оқу-әдістемелік орталығынан кеңес алыңыздар (309 кабинет).

Оқу-әдістемелік орталығы

Обновлено: 06.11.2025 11:33

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ