к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған іс-шаралар

Суббота, 13 сентября 2025

2025 жылғы 11 қыркүйекте Ғ. Мұстафин атындағы №83 мектепте Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы, полиция полковнигі Ө.А. Тұрғанов пен 3-курс докторанты Д. Е. Жидебаева «Дропперлік» және «Буллинг» тақырыптары бойынша қылмыстың алдын алуға бағытталған іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында жоғары сынып оқушыларымен Академияға түсуге бағытталған кәсіби бағдар беру жұмыстары да жүргізілді. Бұл іс-шара «Әділдік жолы» пилоттық жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Оқушыларға құқықтық кеңестер беріліп, аталған қылмыстардан жәбір көрмеу үшін қажетті құқықтық түсіндірмелер ұсынылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және оларды қылмыстық әрекеттерден қорғау. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына түсу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді, бұл болашақта құқық қорғау саласында қызмет етуді жоспарлайтын оқушылар үшін маңызды қадам болып табылады.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ