к. Караганды, Ермеков, 124

Казахский

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Қылмыспен күрес бойынша халықаралық конференцияға қатысу

Четверг, 27 ноября 2025

Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының міндетін уақытша атқарушы полиция полковнигі Е.Д. Намысов Академияның жеке құрамымен бірге Өзбекстан Республикасы ІІМ Академиясы ұйымдастырған «Қылмыспен күрес: өзекті мәселелер және ғылыми-практикалық шешімдер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Конференцияға Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Қытай, Түркия және Тәжікстанның құқық қорғау және ғылыми мекемелерінің өкілдері жиналды. Бұл іс-шара қылмыстық ахуалдың қазіргі сын-қатерлерін талқылауға, тәжірибе алмасуға және қылмысқа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған ортақ тәсілдерді ұсынуға мүмкіндік берді.

Халықаралық диалог пен ғылыми ынтымақтастық өңірдің қауіпсіздігін нығайтуға және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Мұндай іс-шаралар құқық қорғау саласындағы өзекті мәселелерді шешуде және халықаралық тәжірибені енгізуде маңызды рөл атқарады.

Обновлено: 27.11.2025 17:22

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ