к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Қылмыстық-атқару құқығы бойынша тәжірибелік сабақтар

Пятница, 3 октября 2025

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару құқығы» пәні аясында және болашақ ішкі істер органдары қызметкерлерін тәжірибеге бағыттап даярлау мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 4-курс курсанттары №61 мекемесі (тергеу изоляторы) базасында тәжірибелік сабақтан өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қылмыстық-атқару заңнамасы бойынша теориялық білімдерді бекіту және жазаны орындау мен тергеу изоляторларының қызметін ұйымдастыру саласында практикалық дағдыларды қалыптастыру болды. Сабақ барысында курсанттар мекеменің жұмыс істеу ерекшеліктерімен, режимдік талаптарымен, күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау тәртібімен, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету шараларымен танысты.

Ерекше назар изоляторда ұсталушылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға, персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мекеме әкімшілігінің сотқа дейінгі тергеу органдарымен және прокуратурамен өзара іс-қимылына аударылды. Мұндай тәжірибелік сабақтар курсанттардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге және теориялық білімді қылмыстық-атқару жүйесінің нақты қызметімен ұштастыруға ықпал етеді.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ