к. Караганды, Ермеков, 124

Казахский

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Қылмыстық процесс бойынша тәжірибелік сабақ

Четверг, 27 ноября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қылмыстық процесс кафедрасының оқытушысы, полиция капитаны А.С. Серік 3-курс курсанттарымен тәжірибелік сабақ өткізді. Бұл сабақтың негізгі мақсаты – курсанттардың теориялық білімдерін нақты практикалық жағдайлар арқылы бекіту, тергеу тактикасын терең меңгерту және болашақ тергеушілердің кәсіби ойлау қабілеттерін дамыту болды.

Іс-шараға Академия бастығының міндетін уақытша атқарушы, полиция полковнигі Е.Д. Намысов қатысып, сабақтың мазмұнын одан әрі толықтыра түсті. Сабақ барысында нақты мысалдар келтіріліп, курсанттармен сұрақ-жауап жүргізілді, бұл олардың білімдерін тереңдетуге ықпал етті.

Полиция полковнигі Ерлан Думанұлы тергеуші лауазымында қызмет атқарған жылдарындағы шынайы оқиғаларды мысалға келтіріп, тергеу ісінің ерекшеліктері, дәлдік пен жауапкершіліктің маңызы туралы құнды кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар, ол болашақ тергеушілерге кәсіби тәжірибеде қандай да бір қиындықтар туындаған жағдайда тікелей хабарласып, кеңес алуға болатынын атап өтті. Бұл жас мамандарға деген сенімін, ашықтық пен қолдауды әрқашан бірінші орынға қоятынын көрсетті.

Өткізілген сабақ курсанттар үшін білім мен тәжірибені ұштастырып, кәсіби қалыптасуға серпін берген маңызды кездесулердің бірі болды.

Обновлено: 27.11.2025 21:58

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ