к. Караганды, Ермеков, 124

Казахский

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Қылмыстық процесс кафедрасында тәжірибелік дәріс өтті

Четверг, 25 декабря 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қылмыстық процесс кафедрасы курсанттардың кәсіби біліктілігін арттыру және тәжірибелік міндеттерді шешу барысында теориялық білімді тиімді қолдану мақсатында арнайы дәріс ұйымдастырды. Бұл дәріс Оңтүстік-Шығыс ПБ ЖКБ аға криминалисі, полиция подполковнигі Мергенов Серік Жиенейұлының қатысуымен өтті.

Дәріс «Оқиға орнын тексеру кезінде дәлелдемелер алу тәртібі» тақырыбында өтті және Қарағанды академиясының кәсіби даярлық факультетінің 3-курс курсанттарына арналды. Дәріс барысында қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жиі кездесетін өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылды.

Сонымен қатар, тақырып аясында оқу топтарының курсанттары тарапынан қойылған сұрақтарға С.Ж. Мергенов толық әрі мазмұнды жауаптар берді. Бұл дәріс курсанттардың теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын жетілдіруге бағытталған маңызды іс-шара болды.

Обновлено: 25.12.2025 09:38

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ