Қылмыстық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін факторлар бойынша семинар
Четверг, 4 декабря 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қылмыстық процесс кафедрасы қосымша білім беру факультетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери полиция қызметкерлері мен ҚР ІІМ әскери-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері үшін «Қазақстан Республикасы ҚПК 200-бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарға және заңның басқа да бұзушылықтарына ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс еңгізу» тақырыбында оқыту семинарын ұйымдастырды.
Семинарда спикер ретінде қылмыстық процесс кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Жанна Муратовна Исетова сөз сөйледі. Оқу барысында келесі мәселелер қарастырылды: қылмыстық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін факторлар; ұсынымдарды жасау кезіндегі типтік қателер және оларға қойылатын талаптар; әскери полицияның сотқа дейінгі тергеу органдарымен өзара іс-қимылы; қызметтік тәжірибеден практикалық мысалдар.
Қатысушылар құқықтық талдау дағдыларын арттырып, бұзушылықтардың алдын алу және тәртіпті арттыру бойынша ұсыныстар әзірледі. Бұл семинар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды тергеу барысында тиімді әдістерді қолдануға мүмкіндік берді.
Обновлено: 04.12.2025 22:07



