"Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлеріне тағзым"
Пятница, 28 ноября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының басшылығы мен ардагерлері бүгін «Мәңгілікке аттанғандар» мемориалына гүл шоқтарын қойып, қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің рухына тағзым етті.
Бұл рәсім ел тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін жанын берген әр офицердің ерлігін ұмытпауға бағытталған құрмет болып табылады. Мұндай тағзым шаралары арыстардың есімін жаңғыртып қана қоймай, жас буынға адал қызметтің, жауапкершілік пен отансүйгіштіктің шынайы мәнін ұғындыруға септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп, қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан әріптестердің есімдерін мәңгі есте сақтауды мақсат етеді. Бұл рәсімдер жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңызды бөлігі болып табылады.
Обновлено: 28.11.2025 13:34



