Республика күніне арналған патриоттық флешмоб
Пятница, 24 октября 2025

Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанттары Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандық прокуратурасымен және @qaragandy_jastary ұйымымен бірлесе отырып, Республика күніне орай патриоттық флешмоб ұйымдастырды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – елге деген сүйіспеншілік пен бірлікті көрсету болды.
Алаңда сап түзеген курсанттар «25» санын бейнелеп, Қазақстан Республикасына деген құрметтің, елжандылық пен тәртіптің жарқын үлгісін көрсетті. Бұл көрініс – елге деген сүйіспеншіліктің және бірліктің символы ретінде қабылданды.
Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы үшін бірлік пен елдік – басты құндылықтар болып табылады. Мұндай іс-шаралар жастар арасында патриоттық сезімді нығайтуға және елдің болашағына деген сенімді арттыруға бағытталған.
#РеспубликаКүні #ҚарағандыАкадемиясы #ЖастарРесурстықОрталығы #ЗаңменТәртіп #Патриоттар #МәңгілікЕл
Обновлено: 24.10.2025 12:18



