Адам құқықтарын қорғау бойынша аймақтық семинар-тренинг өтті
Четверг, 30 октября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушылары — полиция подполковнигі А.Б. Қожасова, полиция подполковнигі Б.Ғ. Ғаббасәлі және полиция капитаны А.Т. Есенбекованың ұйымдастыруымен «Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында аймақтық семинар-тренинг өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей: «Әділетті Қазақстан — ең алдымен, адам құқығы қорғалатын мемлекет». Бұл тұжырым еліміздің жаңа даму кезеңіндегі негізгі бағыттардың біріне айналғаны сөзсіз.
Семинар-тренингке Қарағанды облысы ПД-нің зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің өкілдері, бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Отбасына көмек көрсету бірыңғай орталығының профориентологы мен психологы, сондай-ақ тәжірибелі медиаторлар қатысты. Шара барысында адам құқықтарын қорғаудағы өзекті мәселелер көтеріліп, оларды шешудің тиімді жолдары ұсынылды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби тұрғыда пайдалы пікірталас алаңына айналды.
Мұндай іс-шаралар құқықтық сананы қалыптастыруда және мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруда маңызды рөл атқаратыны анық. Семинар-тренинг соңында қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасып, бір-біріне шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі. Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Обновлено: 30.10.2025 19:41



