Адам саудасына қарсы күрес бойынша оқу курсы өтті
Суббота, 15 ноября 2025

2025 жылғы 10–15 қараша аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында адам саудасына байланысты қылмыстарды тергеу әдістемесі және осы қылмыс түрінің құрбандарымен жұмыс істеу тақырыбында оқу курсы ұйымдастырылды.
Курс аясында 12–14 қарашада Қазақстандағы ЕҚЫҰ Миссиясының қолдауымен арнайы тренинг өткізілді. Ашылу рәсіміне ЕҚЫҰ Астанадағы офисінің басшысы, Елші Алексей Рогов және офис бөлімінің бастығы Николас Мазик қатысып, адам саудасына қарсы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Тренингке ЕҚЫҰ сарапшылары, ҚР ІІМ Тергеу департаментінің қызметкерлері, өңірлік полиция департаменттерінің өкілдері, академия оқытушылары мен курсанттары белсенді қатысты. Негізгі спикерлер қатарында Ж.А. Кенбаев, А.Д. Тлеубердиев, Д.А. Ашабаев, И.Г. Литвиненко және О.Ю. Тарабукина болды.
Бағдарлама дәрістерді, практикалық сабақтарды, мультимедиялық модульдерді және пікірталастарды қамтыды. Қатысушылар адам саудасына байланысты қылмыстарды тиімді тергеу үшін жаңа білім мен дағдыларға ие болып, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтты.
Обновлено: 15.11.2025 13:41



