Академия түлектерімен кездесу
Среда, 21 января 2026

Кеше ғана мектебіміздің табалдырығын аттаған түлектеріміз бүгінде өз еңбектерінің жемісін көріп, грант иегері атанып, Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында білім алуда. Сол академияда оқып жүрген жас мамандар арнайы уақыт бөліп, біздің оқушылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында университет өмірі, оқу барысы мен болашақ мүмкіндіктер туралы жан-жақты мәлімет беріліп, жас мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар оқу процесінің ерекшеліктері, академиядағы күнделікті өмір және болашақта қандай мүмкіндіктер ашылатыны туралы әңгімеледі.
Бұл кездесу оқушыларға ерекше әсер сыйлап, олардың білімге деген ынтасы мен қызығушылығын арттыра түсті. Оқушылар академия түлектерінің жетістіктерін көріп, өз болашақтарын жоспарлауға ынталанды. Мұндай кездесулер білім алушылардың кәсіби бағдарын анықтауға және болашақ мамандықтарын таңдауға үлкен септігін тигізеді.
Обновлено: 21.01.2026 08:14



