к. Караганды, Ермеков, 124

Казахский

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Баллистикалық зерттеу әдістемесі бойынша біліктілікті арттыру курсы

Среда, 26 ноября 2025

Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында «Баллистикалық зерттеу әдістемесі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өтіп жатқан криминалистері үшін арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шараға Қарағанды облысының Полиция департаментінің жедел-криминалистикалық басқармасының криминалисі, полиция полковнигі Алексей Александрович Мельханов шақырылды.

Полиция полковнигі Мельханов өз саласындағы мол тәжірибесімен бөлісіп, баллистикалық зерттеулердің заманауи әдістері мен тәсілдері туралы баяндама жасады. Ол қатысушыларға баллистикалық сараптаманың негізгі аспектілері мен оның қылмыстық істерді ашудағы маңыздылығы туралы түсіндірді. Сонымен қатар, ол нақты мысалдар арқылы баллистикалық зерттеулердің қалай жүргізілетінін көрсетті.

Іс-шара барысында тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, баллистикалық зерттеулердің әртүрлі аспектілері бойынша кеңестер алды. Бұл кездесу криминалистердің кәсіби деңгейін арттыруға және олардың практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Бұл академияның басты мақсаты – құқық қорғау саласында жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады.

Обновлено: 26.11.2025 19:21

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ