Әйел-тергеушілердің қылмыстарды тергеудегі рөлі талқыланды
Пятница, 31 октября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының кәсіби даярлық факультетінің 4-курс курсант қыздары үшін «Әйел-тергеушінің әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарды тергеудегі рөлі» тақырыбында факультативтік сабақ ұйымдастырылды.
Сабақты қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы, полиция подполковнигі А.Н.Арынова жүргізді. Сабаққа тәжірибелі маман ретінде Қарағанды облысы ПД ЖПҚБ тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Сатпаева-Алпысбаева Гүлбану Ратаевна қатысты.
Сабақ барысында келесі негізгі тақырыптар талқыланды:
- тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстарды тергеудің ерекшеліктері;
- жәбірленушілермен, әсіресе әйелдер мен балалармен қарым-қатынас орнатудағы әйел-тергеушінің рөлі;
- кәмелетке толмағандар мен жәбір көрген әйелдерді сұраудың психологиялық және тактикалық қырлары;
- басқа органдармен және қорғау қызметтерімен өзара іс-қимыл.
Курсант қыздар мұндай кездесулер тек теориялық білім беріп қана қоймай, сонымен қатар болашақ маман ретіндегі өз миссиясының маңызын сезінуге көмектесетінін атап өтті.
Обновлено: 31.10.2025 19:03



