к. Караганды, Ермеков, 124

Казахский

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Көкпекті мектебінде «Жас сақшы» сыныбының ашылу салтанаты өтті

Пятница, 7 ноября 2025

2025 жылғы 7 қарашада Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Көкпекті жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қолдауымен «Жас сақшы» сыныбының ашылу салтанаты өтті.

Бұл бастаманың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, патриоттық сезімді, тәртіп пен жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ полиция қызметіне деген құрмет пен қызығушылықты ояту болып табылады.

Салтанатты іс-шараға Академияның криминалистика кафедрасының профессоры, полиция полковнигі Бақытжан Сатыбалдыұлы Телемисов және қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы, полиция полковнигі Өмірзақ Асылтайұлы Тұрғанов арнайы қатысып, жас сақшыларды жаңа бастамамен құттықтады.

Құрметті қонақтар өз сөздерінде еліміздің болашағы – тәртіп пен әділдікті ту еткен жас буын екенін атап өтіп, жас сақшыларды отаншылдық рухта қызмет етуге, ел мүддесін қорғауға, адалдық пен әділдікті өмірлік қағида етуге шақырды.

Ант қабылдау рәсімі ерекше толқумен өтті – әрбір жас сақшы ел мен халық алдындағы жауапкершілігін сезініп, абыройлы қызметтің алғашқы қадамын басты.

Кездесу соңында Академия өкілдері мектеп ұжымына алғыстарын білдіріп, ынтымақтастық аясында құқықтық білім беру, кәсіби бағдар және тәрбиелік бағыттағы шараларды бірлесе жалғастыруға уағдаласты.

Обновлено: 07.11.2025 20:46

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ