«Мергендер» клубының жаттығуы: курсанттардың кәсіби шеберлігін арттыру
Суббота, 22 ноября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында «Мергендер» клубының кезекті жаттығуы өтті. Бұл шара барысында курсанттар заманауи лазерлік тирда ату техникасын меңгеріп, дәл көздеу, тыныс ритмін бақылау және жылдам реакция дағдыларын жетілдірді.
Аталған жаттығулар курсанттардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, болашақ қызметте қажет кәсіби шеберлікті нығайтуға бағытталған. Мұндай тәжірибелер болашақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби дайындығын арттыруға және олардың қызметтік міндеттерін тиімді орындауына ықпал етеді.
Обновлено: 22.11.2025 10:09



