к. Караганды, Ермеков, 124

Казахский

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Нұржан Атембеков Азия кубогында самбодан жеңімпаз атанды

Среда, 17 декабря 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы, дзюдо, самбо және қазақ күресі бойынша жаттықтырушы Атембеков Нұржан Райханович 2025 жылғы 14 желтоқсанда Қарағанды қаласында өткен шеберлер арасындағы Азия кубогында самбо күресінен 71 келі салмақ дәрежесінде жүлделі І орынды иеленді.

Бұл жеңіс жоғары кәсіби шеберліктің, табандылық пен жүйелі еңбектің айқын дәлелі болып табылады. Нұржан Райхановичтің жетістігі Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының ұжымы мен жас спортшылар үшін үлкен үлгі болып отыр.

Жеңісіңіз құтты болсын! Алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен жаңа биіктерге жетуіңізді тілейміз!

Обновлено: 17.12.2025 14:45

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ