Қарағанды академиясында 2025 жылғы қорытынды жұмыстар талқыланды
Вторник, 13 января 2026

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында маңызды қорытынды кездесу өтті. Академия бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Ахан Жақыпбекұлы Нурушев академияның жеке құрамымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында Ахан Жақыпбекұлы Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2025 жылғы қорытынды жұмыстарын талқылап, негізгі бағыттар мен алдағы міндеттерге тоқталды. Ол өз сөзінде қызметтік тәртіпті нығайту, кадрлық әлеуетті арттыру, курсанттарды даярлау сапасын жақсарту және ведомстволық тәртіп пен жауапкершілікті күшейту мәселелеріне ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, өткен жылы атқарылған жұмыстарға баға беріліп, алдағы кезеңге қойылған нақты тапсырмалар айқындалды. Кездесу ашық форматта өтіп, жеке құрам өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы алдағы уақытта да ІІМ белгілеген басым бағыттар бойынша жүйелі жұмысын жалғастырады.
Обновлено: 13.01.2026 12:34



