"Қарағанды Академиясының өкілдері Бөрлі ауданында "Жас сақшы" сыныбымен кездесті"
Среда, 24 декабря 2025

2025 жылдың 24 желтоқсан күні Бөрлі ауданына Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының кәсіби даярлық факультеті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Н.Ахметжанова және қосымша білім беру әдіскері, полиция аға лейтенанты Б.Қабыкенқызы келіп, «Жас сақшы» полиция сыныбымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында полиция сыныбының білім алушыларына Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы туралы бейнеролик көрсетіліп, білім алушылармен сұхбат жүргізілді. Бұл іс-шараның мақсаты – болашақ құқық қорғау органдары қызметкерлерін даярлау және олардың кәсіби білімін арттыру болып табылады. Кездесу барысында білім алушыларға академияның оқу бағдарламалары, қабылдау шарттары және оқу процесінің ерекшеліктері туралы толық ақпарат берілді.
Сонымен қатар, кездесуде білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметінің ерекшеліктері мен талаптары туралы толыққанды жауаптар алды. Бұл кездесу болашақ мамандардың кәсіби бағдарын анықтауға және олардың құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Обновлено: 24.12.2025 15:25



