Қарағанды облысы чемпионатында дзюдодан II орын алған курсант
Среда, 5 ноября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының мақтанышы, 3-курс курсанты, полиция сержанты Кенжебеков Мұхамбет Болатбекұлы дзюдодан жастар мен қыздар арасында өткен Қарағанды облысының чемпионатында ерекше шеберлік танытып, II орынға ие болды.
Бұл жетістік Мұхамбеттің табандылығы мен еңбегінің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы спортшыларының дайындығының жоғары деңгейін дәлелдейді. Мұхамбет енді республикалық чемпионатта облыс намысын қорғайтын болады.
Академия ұжымы оған сәттілік пен жеңіс тілейді. Жаттықтырушысы: Атембеков Нуржан Райханович.


Обновлено: 05.11.2025 22:21



