Қазақстанның XVIII-XX ғасыр басындағы мемлекеті мен құқығы туралы дәріс
Пятница, 7 ноября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының Жалпы заң пәндері кафедрасының 2025-2026 оқу жылына арналған ПУЛ жоспары аясында тәжірибелік қызметкерді шақыру мақсатында, 2025 жылғы 5 қарашада Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Серикбаева Сауле Серибаевна «Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы» пәнінен КДФ 2-курс курсанттарына «XVIII-XX ғасыр басындағы Қазақстан мемлекеті мен құқығы» тақырыбы бойынша дәріс өткізді.
Дәріс барысында келесі мәселелер қарастырылды: Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның мемлекеттік-құқықтық салдары, ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық реформалары, сондай-ақ ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның әкімшілік басқару және құқықтық жүйесі. Тақырып аясында курсанттар дәріскерге сұрақтар қойып, дәріскер қойылған сұрақтарға жан-жақты толық жауап берді. Бұл білім алушылардың алғысына бөленді.
Дәріс соңында аталған кездесуді ұйымдастырушы кафедраның аға оқытушысы, полиция подполковнигі А.Б.Қожасова Сауле Серикбаевнаға мазмұнды да мәнді, мағыналы дәріс үшін Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы және курсанттардың атынан алғыс білдіріп, әдемі эмоцияда тарқасты.
Обновлено: 07.11.2025 15:06



