Қылмыстық процестің принциптері бойынша дөңгелек үстел өтті
Суббота, 8 ноября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында қылмыстық процесс кафедрасы «Қылмыстық процестің принциптері және оларды қолдану мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бұл ғылыми іс-шара барысында қатысушылар қылмыстық процестің өзекті мәселелерін талқылап, баяндамалар ұсынды. Дөңгелек үстелге қатысушылар қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаттарын практикада қолдану проблемаларына ерекше назар аударды, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметін жетілдірудің нақты жолдарын ұсынды.
Дөңгелек үстел жұмысына қылмыстық процесс кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ Академияның кәсіптік даярлық факультетінің 3 және 4-курс курсанттары қатысты. Мұндай іс-шараларды өткізу курсанттардың ғылыми белсенділігін арттыруға, олардың кәсіби ойлауын дамытуға және Академиядағы ғылыми және білім беру үдерісі арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.
Обновлено: 08.11.2025 11:12



