Қылмыстық жолмен алынған криптовалюта активтерін анықтау бойынша семинар өтті
Пятница, 21 ноября 2025

2025 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының базасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қолдауымен және Тергеу департаментінің ұйымдастыруымен «2025 – құқықбұзушылықтардың алдын алу жылы: полиция – заң мен тәртіптің қорғаны» бастамасы аясында «Қылмыстық жолмен алынған криптовалюта активтерін анықтау» тақырыбында практикалық семинар өтті.
Іс-шараға Қарағанды облысы Полиция департаменті мен Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының басшылығы, Жасанды интеллект комитеті, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Kazdream», «BlockchainKZ», «Maxico», «Dreamlab Technologies LTD», «Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы», «CrystalIntelligence», «Binance Kazakhstan», «ComplianceHub» ұйымдарының мамандары, сондай-ақ Астана, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау облыстары мен Көлік полиция департаменттерінің аумақтық тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері, 4-курс курсанттары, бастапқы даярлық тыңдаушылары және Академияның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Семинар жұмысының қорытындысында қатысушылар тақырыптың өзектілігін атап өтіп, алынған білім мен практикалық ұсыныстар құқық қорғау органдарының тергеу және жедел бөлімшелерінің цифрлық сын-қатерлер жағдайындағы жұмыс тиімділігін арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.
Обновлено: 21.11.2025 16:42



