Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тәжірибелік сабақ
Понедельник, 29 декабря 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының Қылмыстық процесс кафедрасының оқытушысы, полиция майоры Ж.К. Оспанова «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру» пәні бойынша күндізгі оқыту факультетінің 3-курс курсанттарымен тәжірибелік сабақ өткізді. Бұл сабаққа Қарағанды қаласы ПБ Жаңа-Майқұдық ПБ ТБ орынбасары, полиция капитаны А.Қ. Темірбек арнайы шақырылып, өзінің практикалық тәжірибесімен бөлісті.
Сабақтың негізгі мақсаты курсанттардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыра отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде туындайтын нақты қызметтік жағдайларды дұрыс шешу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Осындай тәжірибелік сабақтар курсанттардың кәсіби дайындығын арттырып, болашақта білікті маман болып қалыптасуына зор үлес қосады.
Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында өткізілетін осындай тәжірибелік сабақтар курсанттардың кәсіби дайындығын арттыруға және олардың болашақта білікті маман болып қалыптасуына маңызды үлес қосады. Сабақ барысында курсанттар нақты қызметтік жағдайларды талқылап, оларды шешу жолдарын үйренді, бұл олардың болашақ қызметінде маңызды рөл атқарады.
Обновлено: 29.12.2025 21:58



