Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: курсанттарға арналған дәріс
Четверг, 8 января 2026

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында 1, 2, 3 курс курсанттарына сыбайлас жемқорлықтың мәні, оны болдырмаудың қарапайым қағидалары және заңдағы жауапкершілік туралы ақпарат берілді. Бұл маңызды дәрісті Академияның жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушысы, полиция майоры Жанғали Шапағатұлы Жалмаханов өткізді.
Дәрістің негізгі мақсаты – құқық қорғау саласындағы мамандар үшін адалдық пен кәсіби беделдің маңыздылығын түсіндіру. Жанғали Шапағатұлы курсанттарға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны мен оның алдын алу жолдары туралы кеңінен мәлімет берді. Сонымен қатар, заңдағы жауапкершілік шаралары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық негіздері талқыланды.
Курсанттар дәріс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің тиімді әдістері мен құқық қорғау органдарының рөлі туралы сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Бұл дәріс болашақ құқық қорғау қызметкерлерінің кәсіби даярлығын арттыруға және олардың адалдық қағидаттарын ұстануға деген ынтасын нығайтуға бағытталған.
Обновлено: 08.01.2026 18:05



