«Үздік курсант — 2025» байқауының кезекті кезеңі өтті
Вторник, 16 декабря 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында «Үздік курсант — 2025» байқауының кезекті кезеңі сәтті өтті. Бұл кезеңде курсанттар «ІІО-дағы сотқа дейінгі тергеу» және «ІІО-ның Жедел-криминалистикалық қызметі» мамандықтары бойынша өздерінің терең білімдерін көрсетті. Байқау барысында конкурсанттардың шешендік қабілеттері мен кәсіби дайындықтары жан-жақты бағаланды.
Курсанттар өздерінің теориялық білімдерін тәжірибелік тапсырмалар арқылы дәлелдеп, кәсіби шеберліктерін көрсетті. Әділқазылар алқасы қатысушылардың әрбір қадамын мұқият қадағалап, олардың білім деңгейін, шешендік өнерін және тапсырмаларды орындау шеберлігін жоғары бағалады.
Алда жарыстың тағы бір маңызды кезеңі — атыс дайындығы. Бұл кезеңде курсанттар өздерінің физикалық және тактикалық дайындықтарын көрсетуге мүмкіндік алады. Барлық қатысушыларға алдағы кезеңде сәттілік тілейміз!
Обновлено: 16.12.2025 13:41



