к. Караганды, Ермеков, 124

Казахский

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Жастармен кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғасуда

Суббота, 3 января 2026

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының профессор-оқытушылар құрамы жастармен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда. Осы орайда, кафедраның аға оқытушысы, полиция подполковнигі Алимбеков К.М. және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны Жаксылыкова Н.Б. Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысының бірқатар білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру іс-шараларын өткізді.

Кездесу барысында 9–11 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына түсу тәртібі, қабылдау талаптары, оқу процесінің ерекшеліктері, болашақ қызметтің бағыттары мен ішкі істер органдарындағы қызметтің маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, курсанттардың әлеуметтік кепілдіктері, оқу кезеңіндегі тәртіп пен жауапкершілік мәселелері де қозғалды.

Өткізілген іс-шаралар жас түлектердің құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттырып, кәсіби бағдарын айқындауға оң ықпал етті. Бұл кездесулердің нәтижесінде оқушылардың болашақ мамандықтарын таңдаудағы сенімділігі артып, құқық қорғау саласына деген ынтасы күшейді.

Обновлено: 03.01.2026 15:44

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ