к. Караганды, Ермеков, 124

Казахский

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Тергеу әдістері бойынша тәжірибелік сабақ

Пятница, 5 декабря 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қылмыстық процесс кафедрасының оқытушысы, полиция капитаны А.С. Серік курсанттардың теориялық білімдерін тереңдету және оларды практикалық қызмет ерекшеліктерімен жан-жақты таныстыру мақсатында сабақты тәжірибелік бағытта ұйымдастырды. Осыған орай Қарағанды облысы ПД тергеу басқармасының аға тергеушісі, полиция капитаны Ж.А. Кенжетаев арнайы шақыртылды.

Дәріс барысында қонақ маман тергеу әрекеттерін жүргізудегі заманауи әдістер, дәлелдемелерді жинау мен бағалаудың ерекшеліктері, күрделі санаттағы қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, курсанттардың кәсіби қызығушылығын арттыру мақсатында нақты практикалық жағдайлар талданып, теориялық білімді қызмет барысында қолдану жолдары көрсетілді.

Кездесу курсанттар үшін пайдалы тәжірибе алмасу алаңы болып, олардың құқық қорғау қызметіне деген ынтасын арттырды және болашақ тергеуші мамандарының кәсіби қалыптасуына оң әсерін тигізді.

Обновлено: 05.12.2025 16:45

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ