к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Түркістан облысында мобилді академияның көшпелі оқыту курсы өтті

Четверг, 9 октября 2025

2025 жылдың 28 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Түркістан облысында Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы оқытушыларының қатысуымен мобилді академия көшпелі оқыту курсы ұйымдастырылды.

Курс «Тергеу бөлімдері мен анықтау органдары басшыларының кәсіби құзыретін жетілдіру» тақырыбына арналды және Түркістан облысы Полиция департаментінің орта буын басшы құрамына бағытталды. Тыңдаушылар тергеу мен анықтау саласындағы өзекті мәселелерді, заманауи технологияларды қолдану тәсілдерін, киберқылмыстарды тергеу, құқықтық жаңашылдықтар мен басшылық лауазымына қойылатын талаптарды қамтыған дәрістер мен практикалық сабақтарға қатысты.

Курсты полиция подполковнигі, қылмыстық процесс кафедрасының аға оқытушысы Б.Е. Жақсыбаев, киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы А.Б. Ахмадиев, жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушысы, полиция майоры Ж.Ш. Жалмаханов жүргізді.

Көшпелі мобилді академия оқыту форматы тыңдаушыларға кәсіби дағдыларын жетілдіруге, тәжірибелік білімдерін арттыруға және заманауи талаптарға сай жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ