Тыңдаушылардың оқу үдерісі мен жалпы жағдайын біліп келді
Суббота, 9 ноября 2024
Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Д.А. Абеуов Теміртау қаласында орналасқан оқу орталығына жұмыс сапарымен барып, тыңдаушылардың оқу үдерісі мен жалпы жағдайын біліп келді. Сапар барысында ол оқу орнының материалдық-техникалық базасын тексеріп, тыңдаушылармен кездесу өткізіп, олардың білім алу барысындағы сұраныстары мен ұсыныстарын тыңдады.
Д.А. Абеуов оқу орталығының кітапхана қорын тыңдаушыларға таныстырып, оқу орнының ақпараттық ресурстарының сапасы мен санына назар аударды. Сонымен қатар, тыңдаушылардың оқу жағдайы мен білім деңгейін көтеру бағытында нақты ұсыныстар жасады.
Бұл сапар оқу орталығының жұмысын сараптап, оның болашақта кәсіби даярлықты жақсарту үшін жаңа қадамдар жасауға мүмкіндік береді.