«Учаскелік инспектордың бір күні» атты іскерлік ойын
Суббота, 11 октября 2025

2025 жылғы 10 қазан күні Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасы ағымдағы жылдың ғылыми-зерттеу жұмысы жоспарына сәйкес 3-курс курсанттары арасында «Учаскелік инспектордың бір күні» атты іскерлік ойын өткізді. Бұл іс-шараға Қарағанды қаласы ПБ Киров полиция бөлімінің аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Е.Д. Сәбиев тәжірибелік маман ретінде шақырылды.
Ойын мемлекеттік мереке «Республика күніне» орай ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты курсанттардың білімін бекіту және олардың құқықтық ойлау қабілеттерін дамыту болды. Осы мақсатта викторина өткізілді, сондай-ақ курсанттарға ішкі істер органдарының әкімшілік қызметіне қатысты практикалық тапсырмаларды шешу ұсынылды.