Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт
Четверг, 2 октября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Ұстаздар күнін мерекелеу аясында Академия ардагерлері мен қызметкерлеріміздің мектептегі ұстаздарына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Академия бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Ерлан Думанұлы Намысов ұстаздарға құрмет көрсетіп, алғыс хаттармен марапаттады. Бұл марапаттар ұстаздардың білім беру саласындағы ерен еңбегін жоғары бағалаудың көрінісі болды.
Бұл мерекелік шара ұстаз еңбегіне деген ризашылық пен құрметтің белгісі ғана емес, жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беріп келе жатқан ардагер ұстаздарға да көрсетілген ізгі ілтипат болды. Академия ұжымы ұстаздардың қоғамдағы рөлін ерекше атап өтіп, олардың еңбегін жоғары бағалайтынын білдірді.