Владимир Лапшиннің рухына тағзым ету рәсімі өтті
Воскресенье, 20 июля 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің 1974 жылғы түлегі, 1981 жылдан 2010 жылға дейін Академияда қызмет атқарған ардагер Лапшин Владимир Николаевичтің туыстары, әріптестері мен достары келіп, оның рухына тағзым етті. В.Н. Лапшиннің есімі берілген дәрісханада жиналғандарды оның ұзақ жылдар бойы еңбек еткен Әкімшілік-құқықтық қызмет кафедрасының оқытушылары қарсы алды. Әріптестері оның өз ісінің нағыз шебері, мейірімді де қамқор жан болғанын еске алды. Ол отбасы үшін тірек, жүрегі кең, әрдайым көмек қолын созуға дайын адам еді. Оның еңбегі, істері мен адамгершілігі терең із қалдырды. Владимир Николаевич арамыздан кеткеніне бір жыл өтті, алайда ол әрдайым жүрегімізде, жадымызда сақталады.