«Үздік ғылыми басылым» конкурсын өткізу туралы
Вторник, 25 ноября 2025
«Үздік ғылыми басылым» халықаралық конкурсын өткізу туралы
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы «Үздік ғылыми басылым» халықаралық конкурсын өткізетіндігі туралы хабарлайды.
Конкурс ғылыми зерттеулердің нәтижелерін насихаттауға, оқытушылардың, ғалымдар мен практикадағы қызметкерлердің ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыруға, сондай-ақ ғылыми және білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Конкурсқа қатысуға 2024 және 2025 жылдары қазақ және орыс тілдерінде жарияланған ғылыми және оқу басылымдары қабылданады. Ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, авторлық ұжымдар мен зерттеу топтары конкурстық жұмыстардың авторлары бола алады. Ұсынылған материалдарды Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ білім беру ұйымдарының өкілдері қатарынан құралған конкурстық комиссия қарастырады.
Конкурс келесідей бағыттар бойынша бір турдан тұрады:
– «Үздік оқу құралы»;
– «Үздік оқу-әдістемелік құралы».
Қажет болған жағдайда конкурстық комиссия қосымша арнайы номинациялар белгілеуге құқылы.
Қатысушылар 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін PDF форматта басылымның электрондық нұсқасын, сонымен қатар белгіленген үлгіде толтырылған өтінімді жолдаулары қажет. Материалдар мынадай мекенжай бойынша қабылданады: «Үздік ғылыми басылымына конкурс» белгісімен 100009, Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 124, сондай-ақ oniirir@kpa.edu.kz электрондық пошта.
Конкурсқа макеттер, қолжазбалар және жарияланбаған материалдар жіберілмейді. Ұсынылған басылымдар қайтарылмайды және оларға ақша төленбейді.
Егер рецензиялар, сараптамалық кеңестердің қорытындылары, кітапханалардың немесе мамандардың пікірлері бар болса, қатысушылар оларды қоса тіркей алады. Ереже талаптарын бұза отырып ұсынылған жұмыстарды Конкурстық комиссия қарастырмайды.
Конкурстық материалдарды бағалау тақырыптың өзектілігі, ғылыми жаңалығы, материалды әзірлеудің тереңдігі мен толықтығы, тұжырымдардың практикалық маңыздылығы мен бірегейлігі критерийлері бойынша жүргізіледі. Конкурстық комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданып, хаттамамен ресімделеді және түпкілікті болып табылады.
Конкурстың қорытындысы 2025 жылғы 8 желтоқсанға дейін шығарылады. Жеңімпаздар сертификаттармен марапатталады.
Конкурстың нәтижелері туралы ақпарат Академияның ресми сайтында орналастырылады.
Координаторлар
+7(702) 591-93-04 – Құлынтай Монай, ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің аға ғылыми қызметкері, полиция майоры;
+7(778) 365-32-08 – Кабдрашит Аяна Асқарқызы, ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің ғылыми қызметкері, полиция майоры.
Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті
Обновлено: 25.11.2025 10:21
Жүктеуге арналған файлдар:
docx(0.01Мб)



