«Үздік курсант-2025» байқауының кезекті кезеңі өтті
Пятница, 12 декабря 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында «Үздік курсант-2025» байқауының кезекті кезеңі сәтті өткізілді. Бұл кезеңде курсанттар өздерінің практикалық дайындықтарын көрсету мақсатында оқиға орнын тексеру бойынша білімдері мен дағдыларын паш етті. Конкурсанттар оқиға орнын тексеру барысында өздерінің кәсіби шеберліктерін дәлелдеп, жоғары деңгейде орындады.
Алда байқаудың тағы екі маңызды кезеңі күтіп тұр: шешендік қабілеттерін көрсету және атыс даярлығының деңгейін анықтау. Бұл кезеңдерде курсанттар өздерінің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби дағдыларын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік алады. Әрбір қатысушыға алдағы кезеңдерде сәттілік тілейміз және олардың жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне сенім білдіреміз.
Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы курсанттардың кәсіби даярлығын арттыруға бағытталған осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Бұл байқау курсанттардың болашақта құқық қорғау саласында жоғары деңгейде қызмет етуіне ықпал етеді деп сенеміз.
Обновлено: 12.12.2025 12:21



