«Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі» іс-шарасы
Пятница, 28 ноября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қызметкерлері Қарағанды қаласындағы 65 мектепке арнайы шығып, оқушыларға лудомания, буллинг, киберқауіпсіздік, онлайн-алаяқтық және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру дәрістерін өткізді.
Бұл іс-шараның басты мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерлету болып табылады. Оқушылармен ашық диалог жүргізіліп, нақты мысалдар келтіріліп, практикалық кеңестер берілді және қауіптен сақтану жолдары түсіндірілді.
Болашақтың қауіпсіздігі — бүгінгі дұрыс тәрбие мен білімде екендігіне ерекше назар аударылды. Іс-шара барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы мен қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі туралы кеңінен ақпарат берілді.
Обновлено: 28.11.2025 11:31



