к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Заң мен тәртіп – қоғамның негізі

Пятница, 17 октября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы, тілдік даярлық кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Серимов Елеужан Елемесұлы, сондай-ақ Академияның ардагерлері Жансакалов Жанат Тоқбаевич және Уалиев Манап Ерсаинович Жақып Ақбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің «Жас сақшы» полиция сыныптарының оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің басты тақырыбы — «Заң мен тәртіп» қағидаты болды. Бұл ұғым қоғамдағы әрбір азаматтың жауапкершілігін, әділдік пен заңдылықты сақтаудың маңызын айқындайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Заң мен тәртіп — Әділетті Қазақстанның негізі».

Кездесу барысында қонақтар оқушылармен ашық әңгімелесіп, заң алдындағы теңдік пен жауапкершілік туралы, құқықтық мәдениеттің қалыптасуы, тәртіп пен адамгершілік ұстанымдарының қоғамдағы рөлі жөнінде ой бөлісті. Оқушылар «Жас сақшы» ұранына сай белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды. Мұндай кездесулер жас буынның құқықтық сана-сезімін арттырып, болашақ құқық қорғаушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға зор ықпал етеді.

Обновлено: 17.10.2025 12:49

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ