"Заң мен тәртіп" видеобайқауы өтеді
Пятница, 21 ноября 2025

Құрметті курсанттар! 20–30 қараша аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында «Заң мен тәртіп» атты видеобайқау ұйымдастырылады.
Біз терроризмге, сыбайлас жемқорлыққа, нашақорлыққа, отбасылық зорлық-зомбылыққа, дропперлік пен интернет-алаяқтыққа, сталкингке қарсы қоғамбыз. Осы маңызды тақырыптардың біріне арналған 2 минутқа дейінгі әлеуметтік бейнеролик түсіруге шақырамыз.
Үздік деп танылған жұмыстар Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының басшылығы тарапынан арнайы марапатталады. Бұл байқауға қатысып, өз көзқарасыңызды білдіруге шақырамыз!
Обновлено: 21.11.2025 18:04



