Жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлерінің слеті
Вторник, 5 ноября 2024
2024 жылғы 1 қараша күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында “Жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлерінің слеті” өтті. Бұл шара жастарды қолдау, олардың кәсіби біліктілігін арттыру және тәлімгерлердің тәжірибесін жастармен бөлісу мақсатында өткізіледі.
Қарағанды академиясынан слетқа 4 курс курсанты, полиция сержанты Қалманбек Асылбек пен кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция майоры Бексеитова Замира Жоламанқызы қатысты. Қалманбек Асылбек өзінің оқуда білімділігімен және жауапкершілігімен танылған курсант, ал Замира Жоламанқызы көптеген жас қызметкерлерге тәлімгерлік етіп, олардың кәсіби деңгейін арттыруға үлкен үлес қосып келе жатқан тәжірибелі маман.
Слет барысында Ішкі істер органдарының өкілдері өздерінің білімдері мен тәжірибесін бөлісіп, әріптестерімен бірлесіп, болашақта кәсіби қызметтерін жақсарту мақсатында көптеген пайдалы ақпараттарға қол жеткізді. Бұл шара, әсіресе, жас қызметкерлер үшін маңызды болды, себебі олар тәлімгерлерінің қолдауымен өздерінің алға қойған мақсаттарына жету жолында жаңа бағыттар алды.
Слет қорытындысы бойынша, қатысушылар өздеріне пайдалы тәжірибелер жинақтап, Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызметтерін одан әрі дамытуға жаңа серпін алды.