Жазғы киім үлгісіне ауысу рәсіміне арналған саптық байқау өтті.
Вторник, 16 апреля 2024
Бүгін ІІМ Қарағанды академиясының жеке құрам қызметкерлері мен курсанттарының жазғы киім үлгісіне ауысу рәсіміне арналған саптық байқау өтті.
Оның мақсаты – жазғы киім нысанына көшу, саптық дағдыны жетілдіру, саптық командаларды орындау кезінде реттілікті, нысандық киім үлгісін қатаң ұстануын қамтамасыз ету.
Саптық байқау барысында қызметкерлер мен курсанттардың сыртқы түр-сипаты, үлгілік киімі, қызметтік куәліктерінің талаптарға сай болуы тексерілді.