к. Караганды, Ермеков, 124

Казахский

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

«Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы бейнеролик

Суббота, 31 января 2026

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қылмыстық процесс кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Жанна Мұратқызы Исетованың жетекшілігімен 309-оқу тобының курсанттары «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында профилактикалық бейнеролик дайындады.

Бұл оқу ролигінің негізгі мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды нығайту және жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының нормаларын және жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін заңмен белгіленген жауапкершілікті түсіндіру де көзделген.

Курсанттар көрнекі және өмірлік жағдайлар арқылы жемқорлықтың заңға, мемлекетке және қоғамға деген сенімге қалай нұқсан келтіретінін көрсетті. Олар болашақ кәсіби қызметтегі жеке жауапкершіліктің, адалдық пен принципшілдіктің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Бүгінгі адал таңдау — ертеңгі қуатты әрі әділетті қоғам. Заңмен өмір сүр — жемқорлыққа жол берме!

Обновлено: 31.01.2026 19:32

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ