«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының нәтижелері
Пятница, 21 ноября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы өткізілді. 2025 жылғы 06 қазанда № 115 бұйрығымен Академияның профессорлық-оқытушылық құрамының кандидаттарын іріктеу мақсатында арнайы комиссия құрылды.
Комиссия ұсынылған материалдарды мұқият зерделеп, нәтижесінде келесі оқытушылар үздік деп танылды: «Үздік оқытушы» номинациясы бойынша І-орынды жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, полиция полковнигі Гүлдана Айтмұхамбетқызы Аубакирова иеленді. ІІ-орын қылмыстық процесс кафедрасының профессоры, полиция подполковнигі Анна Алексеевна Прокоповаға берілді. ІІІ-орынға қылмыстық процесс кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Жанна Мұратқызы Исетова лайық деп танылды.
Сонымен қатар, қылмыстық процесс кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Индира Кенжешқызы Әбдікамалова педагогикалық жетістіктері, бастамашылығы және кәсіби шеберлігі үшін грамотамен марапатталды.
Обновлено: 21.11.2025 19:57



