Ғылым күніне орай «Заң ғылымының қазіргі даму үрдістері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
Воскресенье, 14 апреля 2024
Ғылым күніне орай Академияның Жас ғалымдар мен мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының 90 жылдығына және Академик Қ.И.Сәтпаевтың 125 жылдығына арналған «Заң ғылымының қазіргі даму үрдістері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Аталмыш іс-шарада Академия бастығы полиция генерал-майоры С. А. Адилов және Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Б.Е. Құсайын конференцияға қатысушыларды ғылым күнімен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.
Сонымен қатар конференцияға Қазақстан және шет елдерінің ЖОО жас ғалымдары, мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.
Конференция барысында өзекті мәселелер талқыланып, жас ғалымдар тарапынан ұсыныстар айтылды.