Қайырлы таң, қазақ елі!
Понедельник, 4 марта 2024
Бүгін таңғы таратылымда ІІМ Қарағанды академиясында ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек етіп, азаматтардың Конституциялық құқықтарын қорғауда берік тұрып, өскелең ұрпаққа өз білімдерімен бөліскен Академия қызметкерлерін құрметті демалысқа шығарып салдық.
Құрметті ардагерлер!
Сіздерге Қарағанды академиясының басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрамы, Ардагерлер кеңесі және курсанттар атынан ішкі істер органдары қатарындағы атқарған ұзақ жылғы адал кызметтеріңіз үшін үлкен алғыс білдіреміз!
Құрметті демалысқа шығарып сала отырып, шын жүректен сіздерге мықты денсаулық, зор бақыт және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!