01 желтоқсан 2023
2023 жылғы желтоқсан айының 01 күні Қазақстан Республикасы ІІМ Жедел-криминалистикалық бөліністерінің бас, аға криминалистері, криминалистері үшін «Құжаттарды техникалық-криминалистикалық зерттеу әдістемесі» біліктілікті арттыру курсынан емтиханы өткізілді.
Емтиханға Қазақстан Республикасы ІІМ ЖҚБ-нің 21 қызметкері және Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 4 қызметкері жіберіліп, олардың барлығы білім беру курсынан толық өтті. Емтихан нәтижелері бойынша барлық қызметкерлерге құжаттарды техникалық-криминалистикалық зерттеу жүргізу құқығына рұқсат берілді және «Құжаттарды техникалық-криминалистикалық зерттеу әдістемесі» бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификат берілді.