1-курс курсанттарының Ант қабылдау салтанаты
Пятница, 26 сентября 2025

27 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында 1-курс курсанттарының Ант қабылдау салтанаты өтеді. Бұл іс-шара курсанттар үшін маңызды кезең болып табылады, себебі олар өздерінің болашақ қызметтеріне алғашқы қадамдарын жасайды.
Құрметті ата-аналар! Сіздерді осы маңызды іс-шарада күтеміз. Бұл күн сіздердің балаларыңыздың өміріндегі ерекше сәттердің бірі болмақ. Олардың болашақта ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қызметтеріне алғашқы қадамдарын жасауын бірге атап өтейік.
Күні: 27 қыркүйек 2025 жыл
Уақыты: 11:00
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы